Жедел жәрдем қызметкеріне шабуыл жасаған елорда тұрғыны 10 тәулікке қамалатын болды

Жедел жәрдем қызметкеріне шабуыл, елорда тұрғыны, сот үкімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.06.2024 19:48 Сурет: Telegram/astana_newss
Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2024 жылы 3 маусымда жедел жәрдем қызметкеріне шабуыл жасаған елорда тұрғынын 10 тәулікке қамауға алу түрінде үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соттың хабарлауынша, ер адам екі эпизод бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды:

  • Бірінші эпизод бойынша, К. мас күйінде медициналық қызмет көрсету фельдшерін пышақпен қорқытып, оған физикалық күш көрсеткен.
  • Екінші эпизод бойынша, К. полиция басқармасының ғимаратында уақытша ұстау камерасының кезекші бөліміндегі едендегі кафельді сындырып, терезеге лақтырып, әйнекті қиратқан.
"Сот отырысында ер адам кінәсін мойындады, өз іс-әрекетінің заңсыз екенін түсініп, кешірім сұрады. Жәбірленуші әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамада көрсетілген мән-жайларды растап, жаза тағайындауды соттың қарауына қалдырды", делінген сот хабарламасында.

Сот қаулысымен елорда тұрғыны әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сондай-ақ, сот қаулысымен бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру фактісі бойынша кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Қаулылар заңды күшіне енген жоқ. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: