Тамағына пышақ тақады: Астанадағы жедел жәрдем қызметкеріне жасалған шабуыл туралы жаңа мәліметтер анықталды
Сурет: Telegram/astana_newss
3 маусымда Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы отбасылық дебоширдің жедел жәрдем дәрігеріне жасаған шабуылы туралы жайттың мән-жайын ашып айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өткен демалыс күндері 103 пультіне жеделдіктің 3-ші санаты бойынша қоңырау түскен.
"Жедел жәрдем бригадасын әйел адам шақырды. Көрсетілген мекенжайға келген уақытта дәрігерлер мас күйінде озбырлық танытқан ер адамды байқады. Жедел жәрдем қызметкері медициналық тексеруге кіріскенде, ер адам фельдшерді ұстап алып, оны бөлмеге сүйреп апарды да, фельдшердің тамағына пышақ тақады",- делінген таратылған ақпаратта.
Екінші фельдшер бұл туралы "Алматы" ауданының кіші станциясының аға дәрігеріне хабарлап, полиция шақырды.
"Фельдшер полиция қызметкерлері келгенге дейін шабуылдан жалтарып үлгерді. Шабуыл нәтижесінде фельдшер де, оған шабуыл жасаған адам да жарақат алған жоқ. Полиция қызметкерлері ер адамды ұстап алды".Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі
Ведомствоның хабарлауынша, елордада адамдарды құтқару үшін көмекке келген жедел жәрдем қызметкерлерінің өздеріне қауіп төнетін жағдай соңғы кезде жиі кездесуде. Тек 2024 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында осындай тоғыз жағдай тіркелді.
"Басқарма қала тұрғындарын медицина қызметкерлерінің еңбегіне құрмет көрсетіп, оларға қатысты агрессивті әрекеттерден аулақ болуға шақырады. Жедел жәрдем қызметкерлерінің басты мақсаты – шұғыл медициналық көмек көрсету және пациенттердің өмірін сақтау екенін түсіну маңызды".Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript