Денсаулық сақтау министрлігі қаза тапқан жедел жәрдем қызметкерлерінің туыстарына көңіл айтты
Сурет: Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі
Денсаулық сақтау министрлігі Жетісу облысы Ақсу ауданының жедел медициналық жәрдем қызметкерлерінің туыстары мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Фельдшер Мұхит Демеубаев пен жүргізуші Ермек Есболатов Матай ауылындағы балаға шақыртудан базаға оралып келе жатып, трассада жол апатына ұшырады.
"Бұл қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқандардың отбасылары үшін және денсаулық сақтаудың барлық саласы үшін үлкен қайғылы жағдай. Мұндай жағдайлар дәрігерлердің жанқиярлығын білдіреді, олар өз өмірлерін қатерге тігіп, басқаларды құтқарады", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Жетісу облысындағы тас жолда жантүршігерлік жол апаты болған еді. Жедел жәрдем көлігі жүк көлігіне соғылып, бөлініп кеткен. Оқиға салдарынан фельдшер мен жедел жәрдем жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript