Жаңалықтар тізбегі
0

Денсаулық сақтау министрі жедел жәрдем қызметкерлерінің ереуіліне қатысты пікір білдірді

жедел жәрдем, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.09.2022 14:08 Сурет: Zakon.kz
ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Маңғыстау облысындағы жедел жәрдем қызметкерлерінің ереуіліне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Денсаулық сақтау министрі бүгінде мәселе жабылғанын, жедел жәрдем қызметкерлері жұмысқа шыққанын атап өтті.

Денсаулық сақтау жүйесінде жұмыс істейтін медициналық емес қызметкерлердің жалақысы биылдан бастап 20% өседі және 2025 жылға дейін өсетін болады. Бізде дәрігерлердің орташа жалақысы – 350 мың теңге, медбикелердің – 230 мың теңге, жүргізушілердің – 100 мың теңге. Біз жалақыны біртіндеп көтереміз. Бірақ Маңғыстау облысының дәрігерлері талап еткендей жалақыны 350 мың теңгеге көтеру әзірше шындыққа жанаспайды, - деп түсіндірді министр Ажар Ғиният мәжіліс сыртында.

11 және 12 қыркүйекте Маңғыстау облысында жедел жәрдем қызметкерлері жұмысын жартылай тоқтатып, ереуілге шықты. Олар жалақыны, әлеуметтік пакетті және фельдшерлер мен жедел жәрдем бригадасын көбейтуді талап етті.

14 қыркүйекте жедел жәрдем станциясы ереуілге байланысты өз қызметкерлерін сотқа берді.

Бүкіл әлемде жедел медициналық көмек көрсететін қызметтер өз жұмысын тастамауы керек. Осы уақытта науқастың бірінің жағдайы нашарласа немесе Құдай сақтасын, өлімге әкеліп соқтырса, сот деңгейінде де қатаң процесс болады, - деді министр Ажар Ғиният.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: