Астанада қалалық жедел жәрдем станциясының басшысы қамауға алынды

Сот, Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының басшысы , сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2023 17:47 Сурет: 103-astana.kz
Астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының басшысы Мұрат Оразбаевты қамауға алу жөнінде санкция берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жөнінде елордалық соттың баспасөз қызметі мәлім етті:

"2023 жылғы 6 желтоқсанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікке ілінген "Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы" МКК басшысына қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады".

2023 жылғы 5 желтоқсанда әлеуметтік желілерде Астана қалалық жедел жәрдем станциясының директоры Мұрат Оразбаев ұрлық жасады деген күдікпен ұсталғаны жайында ақпарат тарады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: