СҚО-да жол апаты орнында жедел жәрдем қызметкеріне шабуыл жасалды

Кулаки, драка, насилие, нападение, потасовка, избиение, перепалка, схватка, разборка, разборки, рукоприкладство, побои, конфликт, бой, борьба, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.07.2026 15:14 Фото: pexels
Солтүстік Қазақстан облысында жедел медициналық жәрдем қызметкеріне шабуыл жасау фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиғаның мән-жайын 2026 жылғы 1 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті жариялады.

"Шал ақын ауданындағы Чудесай өзенінің маңында Lada автокөлігі аударылып қалған. Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадасы келген. Алайда мамандардың жұмысына көліктегі екі жолаушының бірінің агрессивті әрекеті кедергі келтірді. Мас күйде болған 62 жастағы ер адам 37 жастағы медбикенің аяқ-қолына және іш тұсына соққы жасаған, – деп мәлімдеді полиция.

Тәртіп бұзушыны ұстау үшін патрульдік полиция батальонының қызметкерлері заңда көзделген шараларды қолданған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша жедел медициналық жәрдем қызметкеріне қатысты күш қолдану дерегімен қылмыстық іс қозғалды.

Тексеру барысында жол апатына қатысқан үш адамның да мас күйде болғаны анықталды. Ал жол-көлік оқиғасына кінәлі 52 жастағы аудан тұрғыны 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Еске салайық, 2026 жылғы 7 наурыздан бастап Қазақстанда медицина қызметкерлеріне күш қолданғаны немесе оларды қорқытқаны үшін жауапкершілікті күшейтетін Қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістер күшіне енді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: