Ақпарат түскен бойда патрульдік полиция экипажы оқиға орнына жедел жеткен.
Полицейлер келген сәттегі жағдай аса қауіпті болды – кәмелетке толмаған бала терезеге шығып алып, ғимараттың сыртқы жақтауында тұрған.
Патрульдік полиция қызметкерлерінің жедел, батыл әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында ықтимал қайғылы оқиғаның алдын алу мүмкін болды. Бүлдіршін аман-есен құтқарылды.
Баланың өмірі мен денсаулығын сақтап қалуға Ақтау қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері – Ержан Көкенов пен Данияр Татиев кәсіби шеберлігі мен батыл әрекеті ықпал етті.
Полиция ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.
"Әсіресе терезелері ашық бөлмелерде балалардың қауіпсіздігіне ерекше мән беру қажет. Терезелерге арнайы қорғаныс құрылғыларын орнатып, олардың маңына баланың көтерілуіне мүмкіндік беретін жиһаздарды қоймаған абзал",- деп ескертті полицейлер.
Бұған дейін Балқаш жағалауында көлікпен қауіпті әрекет жасаған жүргізуші 10 тәулікке қамалғанын жазғанбыз.