"Диапазон" газетінің жазуынша, оқиға 2026 жылғы 8 тамыз, сенбі күні облыстағы аудан орталықтарының бірінде болған.
Құқық қорғау органдары оқиға бойынша тергеуді бастап, күдіктінің жеке басын анықтаған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу барысы Департамент басшылығының ерекше бақылауында", – деп мәлімдеді Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі.
Ведомство әзірге тергеу мүддесіне байланысты жанжалдың мән-жайы мен себептерін жария етпей отыр.
Бұған дейін Ақмолада көршісіне пышақпен шабуыл жасап, оны өлім аузында қалдырып кеткен әйел қамауға алынғанын жазғанбыз.