Ақмолада көршісіне пышақпен шабуыл жасап, оны өлім аузында қалдырып кеткен әйел қамауға алынды

Нападение с ножом, поножовщина, нож, ножевое ранение, ножевые ранения, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.08.2026 09:27 Фото: pixabay
Ақмола облысында жантүршігерлік оқиға орын алды. Атбасар қаласында 58 жастағы әйелді көршісі пышақтап, артынша пәтерде қамап кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Instagram желісіндегі nayza_kokshe парақшасының мәліметінше, полицейлер қансырап жатқан әйелді құтқару үшін пәтердің есігін бұзып кіруге мәжбүр болған.

"58 жастағы әйел ес-түссіз табылды және іш тұсынан алған бірнеше пышақ жарақатынан қансырап жатқан", – делінген мәліметте.

Алдын ала болжам бойынша, әйелге ауыр жарақатты оның көршісі салған. Шабуылдан кейін күдікті пәтердің есігін сыртынан жауып, қылмыс қаруын өзімен бірге алып, оқиға орнынан қашып кеткен.

Құқық қорғау органдары күдіктінің жеке басын анықтап, оны қамауға алды.

"Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – деп мәлімдеді Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.

Бұған дейін Астанада ұшақ бортында жанжал шығарған мас жолаушы 10 тәулікке қамалғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: