Алматыдағы өлімге әкелген төбелес: сот үкімі қайта қаралды

Фото: Zakon.kz
2025 жылы Алматыдағы барлардың бірінде болған төбелес адам өлімімен аяқталды. Кінәлі азамат бастапқыда 16 жылға сотталғанымен, кейін оның жаза мерзімі 14 жылға дейін қысқартылды. Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот үкімнің заңдылығы мен негізділігін тексерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сот анықтағандай, 2025 жылғы 11 қаңтарда сотталған азамат пен жәбірленуші "Пинта" барында бір үстелде отырған. Жәбірленуші оған келуші әйелдердің біріне қатысты әрекетіне байланысты ескерту жасаған. Осыдан кейін екеуінің арасында жанжал туындап, сыртта төбелеске ұласқан.

Жәбірленуші қарсыласын бірнеше рет соққан. Бұған жауап ретінде сотталған азамат пышақпен оған екі рет соққы жасаған. Ер адам алған жарақаттарынан көз жұмды.


"Кассациялық сатының дәлелдемелер мен бейнежазбаларды зерттеуі жанжалдың бұзақылық ниетпен емес, кенеттен туындаған араздық салдарынан болғанын растады. Төбелесті жәбірленуші Н. бастаған. Ол Р.-ға күш қолданып, ғимаратқа қарай кетіп бара жатқан оның соңынан ерген. Р.-дың жауап әрекеттеріне дәл осы жанжал себеп болған", – делінген сот хабарламасында.

Осыған байланысты апелляциялық саты сотталған азаматтың әрекетін саралаудан "бұзақылық ниетпен" деген белгіні алып тастап, оның әрекетін адамды қасақана өлтіру деп қайта саралады. Кассациялық сот бұл шешімді негізді деп танып, жаза мерзімінің 16 жылдан 14 жылға дейін қысқартылуын заңды деп бағалады.

Бұған дейін Астанада осыған ұқсас іс қаралған еді. Түнгі ойын-сауық орнына келген екі адам ер адамды соққыға жыққан. Жәбірленуші алған жарақаттарынан көз жұмды. Сот кінәлілердің бірін тоғыз жылға, екіншісін сегіз жыл алты айға бас бостандығынан айырды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін