Түркістан облысында полиция берешегі бар 16 жүргізушіні анықтады

Фото: Zakon.kz
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жолдағы тәртіпті нығайту мақсатында Түркістан облысында рейдтік-профилактикалық іс-шаралар үздіксіз өткізілуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәселен полицияға "Қорғау" бағдарламасы қарызын төлемеген 16 жүргізушіні анықтауға мүмкіндік берді.

Яғни жан-жақты жүргізілген жұмыс нәтижесінде жетісайлық полицейлер мобильдік қосымшасы арқылы 16 жүргізушінің 22 рет жол қозғалысы ережелерін бұзғанын анықтады. Нәтижесінде 7 автокөлік арнайы айыптұраққа қойылды.

Сондай-ақ Daewoo Nexia автокөлігінен төленбеген қарызы анықталып, жүргізушіге түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, берешек сол жерде өндірілді.

Полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін сақтауға және әкімшілік жауапкершіліктен жалтармауға шақырады. Жолдағы тәртіп – баршамызға ортақ жауапкершілік!

Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Белгілі дәрігер ӘМСҚ есебінен 53 млн теңге жымқырғаны үшін қандай жаза алды

Тоқаев пен Хун Манет Бірлескен мәлімдеме қабылдады

Жексенбіде қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Пәкістандағы қайғылы оқиға: Тоқаев көңіл айту жеделхатын жолдады

Тоқаев пен Хун Манет кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді