Адам өлімімен аяқталған жол апаты: Астанада велосипед мінген әйел "Газель" дөңгелегінің астында қаза тапты

Фото: Zakon.kz
Астананың Кірпішті ауданында адам өлімімен аяқталған қайғылы жол-көлік оқиғасы болды. Жүк көлігінің дөңгелегінің астында 46 жастағы велосипедші әйел қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдымен оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Astana__sergek паблигі куәгерлерге сілтеме жасап, "Газель" 12-14 жастағы кәмелетке толмаған қызды қағып кеткенін және оның оқиға орнында қайтыс болғанын жазған.

Алайда елорданың құқық қорғау органдары қаза тапқан әйелдің жасы туралы ақпаратты жоққа шығарып, оқиғаның ресми мән-жайын жариялады.

"Шамамен сағат 22:50-де 46 жастағы әйел Жолымбет көшесінің бойындағы тротуармен велосипедпен келе жатқан. Бестөбе көшесімен қиылыста, әйел велосипедті басқара алмай қалып, жолда келе жатқан "Газель" автокөлігінің артқы дөңгелегінің астына құлаған. Оқиға салдарынан әйел сол жерде қаза тапты", – деп түсіндірді 2026 жылғы 30 тамызда Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, адам өлімімен аяқталған жол апаты бойынша тергеу басталды. Полиция қызметкерлері қажетті тергеу амалдарын жүргізіп, қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін