Бір айда 5588 адам ұсталды: ҰҚК Қазақстан шекарасындағы жағдайды баяндады

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Бүгін, 2026 жылғы 2 қыркүйекте, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі Шекара қызметінің тамыз айындағы жұмыс нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство мәліметінше, мемлекеттік шекараны қорғау барысында құзырлы органдармен бірлесіп, шекара кеңістігінде Қазақстан заңнамасын бұзған 5588 адам ұсталды. Олардың 4907-сі – шетел азаматы.

Сондай-ақ тауарлар мен жүктерді шекара арқылы заңсыз өткізудің 2089 дерегіне тосқауыл қойылды. Оның ішінде:

Шекарада бес пневматикалық қару, 130 суық қару және 228 оқ-дәрі тәркіленді.

Бұдан бөлек, Каспий теңізінің акваториясында браконьерліктің 61 дерегі тоқтатылып, заңсыз балық аулау құралдары мен бекіре тұқымдас балықтар тәркіленді.

"Алдын алынған залал көлемі 561 млн теңгеден асты. Шекара қызметінің құзыреті аясында 63 қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Сонымен қатар 4886 әкімшілік іс бойынша өндіріс жүргізіліп, 40 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

"Қалған деректер бойынша материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау және сот органдарына жолданды", – деп толықтырды ведомство.

Бұған дейін ҰҚК Шекара қызметінің 2026 жылғы шілдедегі жұмыс нәтижелерін жариялаған еді.

Қазақстан
ҰҚК

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген қарындасының 25 жасқа толуына орай ерекше сыйлық жасады

"Қайрат" "Андерлехттен" тағы да 0:3 есебімен жеңіліп, Еуропа лигасынан шығып қалды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның жаңа Сыртқы істер министрі тағайындалды

Доллар бағамы қатты өзгереді: Ұлттық банк жыл соңына дейінгі болжаммен бөлісті