Алматыдағы ірі тұрғын үй кешенінің паркингінен өрт шықты: 100-ге жуық адам эвакуацияланды

Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 4 қыркүйекке қараған түні Алматының Бостандық ауданындағы Гагарин көшесі, 124 мекенжайында орналасқан 16 қабатты тұрғын үй кешенінің паркингінде өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, паркингте күштік кабель өртенген. Өрт 5 шаршы метр аумақты шарпыды. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері хабарлама түскеннен кейін бес минуттан соң оқиға орнына жеткен.


"Құтқарушылар баспалдақ арқылы 100-ге жуық адамды, оның ішінде 19 баланы эвакуациялады", – делінген Алматы қаласы ТЖД хабарламасында.

Өрт қысқа мерзімде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Сондай-ақ осы түні Астана қаласының Алматы ауданында екі қабатты ғимараттың шатыры өртенді. Құтқарушылар жалынның тұрғын үйлерге таралуына жол бермеді.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан бүгін 12 алтын, 7 күміс, 5 қола медаль жеңіп алды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды

Димаш Құдайберген қарындасының 25 жасқа толуына орай ерекше сыйлық жасады

"Үсік, жаңбыр, тұман". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды