4 қылмыстық топ, 21 тонна есірткі: ІІМ Шу алқабындағы ауқымды операцияның нәтижесін жариялады

Фото: Zakon.kz
Қазақстанның Ішкі істер министрлігі "Қарасора – 2026" жедел-профилактикалық іс-шарасының алдын ала қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство Шу алқабының аумағы 60 мың гектардан асатынын және бұл өңір есірткі қылмысымен айналысатындардың назарын аударатынын атап өтті.

Сонымен қатар еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі құмды алқаптарға іргелес аумақтар құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіруге қолайлы жағдай туғызады.

"Осыған байланысты аталған өңірлерде есірткінің заңсыз айналымына қатысты деректерді тиімді анықтау және жолын кесу үшін операцияға жұмылдырылған күштер мен құралдар шоғырландырылады. Бұл ретте ұшу аппараттары, авиация және ғарыштық мониторинг белсенді қолданылады", – деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Үш айға созылған республикалық операция барысында екі мыңнан астам есірткі құқық бұзушылығының жолы кесілді. Төрт ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылып, 21 тонна есірткінің заңсыз айналымға түсуіне жол берілмеді.


"Құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсірудің 256 дерегі тіркеліп, ондаған есірткі плантациясы жойылды. Елді мекендерде мұндай өсімдіктерді жасанды жағдайда өсіруге арналған 25 фитозертхана анықталып, олардың жұмысы тоқтатылды", – делінген ІІМ хабарламасында.

Бұған дейін, 28 тамызда Қазақстанда есірткі қолданғаны үшін жазаны өзгерту жоспарланып отырғаны хабарланған еді.

Қазақстан
Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы