Астанада үлкен даңғылдардың бірі бес күнге жабылады

Сурет: Zakon.kz
Астана қаласында 10-15 қыркүйек аралығында Хусейн бен Талал көшесі мен Әл-Фараби даңғылының қиылысында көлік қозғалысы толықтай жабылатын болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, бұл учаскеде көлік қозғалысы толықтай тоқтатылады.

"Осы учаскеде мердігер ұйым инженерлік желілерді және жол төсемінің негізін орнату жұмысын жүргізеді". Астана қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі

Сурет: Астана қаласы әкімдігі

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағвтын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.

Бұған дейін Алматыдағы Тұңғыш президент саябағы қайта жаңғырту жұмыстарына байланысты уақытша толықтай жабылатыны хабарланған.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады