Жаңаөзенде ауруханаға бөлінген 131 млн теңге қолды болды: әкімнің бұрынғы орынбасары күдікке ілінді

Фото: Zakon.kz
Маңғыстау облысында Жаңаөзен көпбейінді қалалық ауруханасына демеушілік көмек ретінде бөлінген қаражат ұрланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) мәліметінше, 2025 жылы Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы күйік бөлімшесін ашуға демеушілік көмек көрсету туралы өтінішпен "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-ға жүгінген. Жобаны іске асыруға 223 млн теңге бөлініп, қаражатты "ӨзенМұнайГаз" АҚ "Жарылқау" қоғамдық қорына аударған.

"Бастапқыда жоба медициналық жабдықтың сегіз түрін сатып алуды және мамандарды оқытуды көздеген. Алайда кейіннен оның талаптары өзгертіліп, бөлімшені кешенді жарақтандырудың орнына қоғамдық қор, қалалық аурухана және "AKBS Invest" ЖШС арасында құны 210 млн теңге болатын күйікке қарсы екі төсек сатып алу туралы үшжақты шарт жасалған", – деп хабарлады ҚМА.

Бұл ретте сатып алу құны осындай медициналық техниканы Бірыңғай дистрибьютор арқылы сатып алуды көздейтін заң талаптарын айналып өтіп жүргізілген.

Тергеу деректеріне сәйкес, заңсыз схемаға қалалық аурухана директорының орынбасары, "Жарылқау" қоғамдық қорының басшысы, Жаңаөзен қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары және тауар жеткізуші қатысы бар.

"Жабдық сатып алуға небәрі 92 млн теңге жұмсалған. Тергеу нұсқасы бойынша, қалған сома үлестес кәсіпорындар арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылып, схемаға қатысушылар арасында бөлінген. "AKBS Invest" ЖШС өкілі қылмыстық жолмен алынған қаражатқа елордадан пәтер сатып алып, оны үшінші тұлғалардың атына рәсімдеген", – деп мәлімдеді агенттік.

Жаңаөзен қаласы әкімінің бұрынғы орынбасарына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабы бойынша лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану дерегімен тергеу басталды.

Үш күдікті қамауға алынды.

Сот санкциясымен олардың үш пәтеріне, екі тұрғын үйі мен автокөлігіне тыйым салынды.

Тергеу жалғасып жатыр.

Бұған дейін Астанада Qyran тұрғын үй кешеніндегі жылжымайтын мүлікті сатуға байланысты ірі алаяқтық ісі бойынша үкім шығарылды. Сотталғандар сатып алу-сату шарттарын жасасудың орнына мемлекеттік тіркеуге жатпайтын және сатып алушыларға меншік құқығын бермейтін брондау шарттарын, кепілақы туралы келісімдер мен алдын ала шарттарды рәсімдеген. Келтірілген залал миллиардтаған теңгеге бағаланды.

Қазақстан
Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді