Екібастұзда деректер орталықтарының ірі экожүйесі құрылуы мүмкін

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы БАӘ Энергетика және инфрақұрылым министрі Сухейл Әл-Мазруи мен Абу Даби әмірлігі Денсаулық сақтау департаментінің төрағасы, G42 International компаниясының бас директоры Мансур әл-Мансуримен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент берік достық байланысқа, өзара сенімге, стратегиялық серіктестікке негізделген Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы қарым-қатынас ерекше сипатқа ие екенін атап өтті.

Сонымен қатар БАӘ Қазақстанның ірі шетелдік инвесторларының ондығына кіретінін айтты. 2025 жылы елімізге Әмірліктерден 1,64 миллиард доллар тікелей инвестиция тартылып, бұл көрсеткіш 3,5 есе ұлғайған.

Қасым-Жомарт Тоқаев орайлы сәтті пайдалана отырып, БАЭ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянға, БАӘ Вице-Президенті, Премьер-министрі, Дубай Әміршісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумға, БАӘ Вице-президенті шейх Мансұр бен Заид Әл Наһаянға ыстық ықыласын жолдады.

Кездесуде көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты дамытуға баса мән берілді. Бұдан бөлек, AD Ports Group компаниясымен бірлескен жобаларды іске асыру, Каспий теңізінде портты инфрақұрылым мен флотты дамыту, сондай-ақ Орта дәлізді нығайту мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар ТрансАуған дәлізінің перспективасы мен теңіз, теміржол, автокөлік және әуе тасымалы бағыттарындағы ұзақмерзімді серіктестікті қалыптастыру жайы қарастырылды.

Жасанды интеллект пен цифрландыру салаларындағы серіктестік те әңгіме арқауына айналды.

Мемлекет басшысы Presight AI компаниясымен суперкомпьютер инфрақұрылымы жобаларын іске асыру, Smart City және көлік қозғалысы бейнемониторингінің ұлттық жүйесін құру бойынша ықпалдастықты жоғары бағалады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен БАӘ делегациясы G42 компаниясының Екібастұзда "Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы" ауқымды экожүйесін құруға қатысу мүмкіндігін қарастырды.

Молния

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін