Жол апаты 2026 жылғы 12 қазанға қараған түні Тобыл қаласындағы көшелердің бірінде болған. КТК телеарнасының мәліметінше, жүк көлігі екі мотоциклшінің жолын бөгеп, олардың соқтығысудың алдын алуға үлгермегені туралы болжам бар.
38 жастағы КАМАЗ жүргізушісі солға бұрылған кезде, оған жоғары жылдамдықпен келе жатқан екі мотоцикл соғылған. 34 жастағы мотоциклші жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды. Ал оның 29 жастағы серігі ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Бұған дейін, 2026 жылғы 9 қазанда Қостанай қаласында Chevrolet көлігінің жүргізушісі қиылыста бірнеше көлікпен қатты соқтығысып, жол апатынан бірнеше адам зардап шеккен еді.