Алматыда Шухов атындағы сквер жаңартылды

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматының Медеу ауданында "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы аясында Шухов атындағы скверді көркейту жұмыстары аяқталды.

Аумақта жарықтандыру жүйесі, жүргіншілер жолы, балалар және спорт алаңдары жаңартылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы Медеу ауданы әкімдігінің өкілдері хабарлады.

Сквер аумағында 26 мың шаршы метр көгал төселіп, жалпы ұзындығы 12,2 шақырым болатын автоматты суару жүйесі орнатылды. Сонымен қатар түнгі жарықтандыру жаңартылып, жүргіншілер жолына брусчатка төселді, жаңа орындықтар қойылды.

Балалар үшін ойын алаңдары жабдықталып, спорттық элементтер мен шағын сәулет нысандары орналастырылды. Бұдан бөлек, екі футбол алаңы жаңғыртылды.

Көркейту жұмыстары аяқталғаннан кейін скверде серуендеуге, отбасымен демалуға және спортпен айналысуға қолайлы жағдай жасалды, деп хабарлады аудан әкімдігі.

Айта кетейік, бұл жұмыстар тұрғындарға көркейту жобаларын ұсынуға және оларды дауыс беру арқылы таңдауға мүмкіндік беретін "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін