Astanovka98 Telegram арнасында мас болуы мүмкін ер адамның әдепсіз әрекеті тіркелген бейнежазба жарияланды. Видеодан оның әуелі жеделсатыны тепкілеп, содан кейін баспалдақ алаңында тұрған балалар арбасын аударып тастағанын көруге болады.
"Содан кейін ол бұтындағы жалғыз лыпасын да шешіп, дәрет сындырмақ болады. Кейін ол бөтен пәтерге кіріп кетеді. Тұрғындарға есін жидыру үшін бұзақыға күш қолдануға тура келді", делінген жарияланымда.
Сондай-ақ камераға екі ер адамның төбелескен сәті де түсіп қалған.
"Қоғамдық тәртіпті бұзу фактісі бойынша полиция қызметкерлері 27 және 30 жастағы екі ер адамды анықтап, ұстады. Ұсақ бұзақылық жасағаны және тыныштықты бұзғаны үшін екі ер адам да әкімшілік жауаптылыққа тартылып, уақытша ұстау бөлмесіне қамалды. Сонымен қатар, 30 жастағы ер адам қоғамдық орында алкогольдік масаң күйде жүргені үшін де жауапкершілікке тартылды. Іс материалдары тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жолданды". Астана қалалық ПД баспасөз қызметі