Ақтауда полицейлер пәтерде қараусыз қалған екі бүлдіршінді құтқарды

Фото: pexels
Ақтау қаласында полиция қызметкерлері өміріне қауіп төнген баланың жағдайы туралы хабарламаға жедел әрекет етті. "102" арнасына 31Б шағынауданындағы №15 үйдің екінші қабатында кішкентай баланың ашық терезе маңында тұрғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Бұл жағдай баланың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндірген. Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері пәтерде 6 және 4 жастағы екі баланың ересектердің қарауынсыз қалғанын анықтады. Белгілі болғандай, балалардың әжесі су алуға төменге шығып кеткен.

Әр минуттың маңызды екенін және кез келген кідіріс қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін екенін түсінген учаскелік полиция инспектордар Абзал Анарбайұлы Асылбек Куженов балаларды құтқаруға дереу кірісті. Бір сәт те жоғалтпаған полицейлер екінші қабаттағы пәтердің терезесіне көтеріліп, ішке кірген.

Қызметкерлердің батыл әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында екі бала да дер кезінде қауіптен құтқарылды. Балалар зардап шеккен жоқ. Полиция ата-аналар мен заңды өкілдерге қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтап, кішкентай балаларды ешбір жағдайда қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді.

Тіпті бірнеше минуттың өзі орны толмас қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. Балалардың қауіпсіздігі – әрбір ересектің жауапкершілігі.

Қазақстан
Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандықтар Республика күнінде қалай демалады

Ресейдегі маймыл шешегі: Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жасады

2027 жылғы жәрдемақылар: eGov Mobile қосымшасында отбасылардың әл-ауқатын бағалау калькуляторы пайда болды

Бублик пен Рахмонов Алматыда көз арбасу өткізді

Батыс Қазақстан облысында мұғалім 4 млн теңгеден астам қарызын бөліп төлеуге мүмкіндік алды