Емдеу мерзімі созылған: Ақтөбе тұрғыны емханадан 300 мың теңге өтемақы өндіріп алды

Фото: akorda.kz
Ақтөбе қаласының №3 соты жол апатынан кейін тиісті медициналық көмек көрсетілмегенін айтып, моральдық зиян үшін өтемақы талап еткен әйелдің талап арызын ішінара қанағаттандырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылғы 20 қазанда жарияланған мәліметке сәйкес, тексеру нәтижелерінің әртүрлі түсіндірілуі нақты диагноз қоюға кедергі келтірген. Соның салдарынан әйелге қайта тексеруден өтуге тура келіп, емдеу мерзімі созылған.

Медициналық ұйым бір-біріне қайшы келген тексеру нәтижелерін бейінді мамандардың қатысуымен уақтылы талқылауды ұйымдастырмаған.

Осы мән-жайларды ескерген сот мемлекеттік медициналық ұйымнан әйелдің пайдасына моральдық зиян үшін 300 мың теңге өтемақы өндіру туралы шешім шығарды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Бұған дейін, 2026 жылғы 24 қыркүйекте Жәбірленушілерге өтемақы қорынан қандай қазақстандықтар төлем ала алатыны туралы жазған едік.

Қазақстан
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

-7 градусқа дейін үсік, көктайғақ екпінді жел: қай өңірлерде ескерту жасалды

Астана әуежайында жолаушыларды биометрия арқылы сәйкестендіру жүйесі енгізілмек

Қазақстанда қайырымдылықтың бірыңғай цифрлық ресурсы құрылады

Threads арқылы концерт билеттерін сатқан: астаналық жігіт алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Қанат Құлшыманов президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры болып тағайындалды