Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, оқиға "Абай" станциясында болған. Полиция қызметкерлері тексеру қызметінің мамандарымен бірлесіп, сөмкесінде қауіпті болуы мүмкін зат бар жолаушыны анықтаған.
"Оқиға кешкі уақытта болды. Бақылаудан өту кезінде ер адамның жүгі рентген-телевизиялық құрылғымен тексерілді. Кейін жеке тексеру барысында полицейлер пышаққа ұқсас зат тапты", – деп хабарлады Полиция департаменті 2026 жылғы 21 қазанда.
Мән-жайды анықтау үшін ер адам Медеу аудандық полиция қызметкерлеріне тапсырылды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Бұған дейін, 14 қазанда полиция метро жолаушысының сөмкесінен калибрі 5,45 миллиметрлік екі патрон табылғанын хабарлаған еді. Ал қыркүйекте қалтасынан заңсыз зат салынған түйіншек табылған жолаушы ұсталған.