Өрт Тәуелсіздік көшесіндегі гараж кооперативінің аумағында болған. Өртті сөндіру кезінде Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері гараж ішінен әрқайсысының көлемі 70 литр болатын екі оттегі баллонын алып шықты. Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында қауіптің алдын алуға мүмкіндік туды.
Өрт толық сөндірілді. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.
Бұған дейін Алматы – Өскемен тасжолында жүк көлігінің өртенгені хабарланған болатын.