Қызылордада қыздарды қорғап қалған жігіт пышақ жарақатын алып, ауруханаға түсті

Фото: pexels
Қызылордада көшеде қыздарға тиісіп, кейін оларды қорғауға тырысқан жігітке пышақпен шабуыл жасаған ер адам ұсталды. Оқиға ондаған куәгердің көз алдында болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының мәліметінше, қанды оқиға ойын-сауық орнының маңында болған. Тергеу мәліметтеріне сәкес, сол жерден шыққан 42 жастағы ер адам екі қызға тиісіп, мазасын алған. Ал оларға араша түскен жігіттің кеуде тұсына бірнеше рет пышақ сұққан.

Қазіргі уақытта зардап шеккен жігіт ауруханада жатыр. Дәрігерлер оның өміріне қауіп төніп тұрмағанын айтты.

Ал күдіктіге денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бабы бойынша айып тағылып отыр. Оған сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Күдікті оқиға орнынан көп ұзамай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Ол – қаланың 42 жастағы тұрғыны. Сот санкциясымен қамауға алынған, – деп мәлімдеді Қызылорда қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары Бауыржан Қопанов.

Бұған дейін Қызылордада жергілікті тұрғынды өлтіру дерегі бойынша үш күдіктінің ұсталғаны хабарланған болатын.

Қазақстан
Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жаңа тарихи белеске қадам басу: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобы құрылды

Атырауда отыз отбасы "Отбасы банктен" баспаналы болды

Тоқаев халықтық цифрлық экономиканы дамыту туралы жарлыққа қол қойды

Шығыс Қазақстан облысында жаңа ветеринариялық пункттер ашылуда

Күйік асуындағы жол жөндеуінен бюджетке 191 млн теңге қайтарылды