Сенатор Нұрлан Қылышбаев Премьер-министр Асқар Маминнің атына жолдаған депутаттық сауалында азаматтардың зейнетақы жинақтарын пайдалануына қатысты мәселені көтерді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Нұрлан Қылышбаев Мемлекет басшысы зейнетақы есеп-шотынан артық жинағын алуына мүмкіндік берілетін азаматтар санатын біртіндеп ұлғайтуды тапсырғанын еске салды. Сенатор қазіргі таңда шектік сомаларды қайта есептеу тақырыбы қоғамда талқыланып жатқанын айта келіп, ол өз жинақтарын пайдалана алатын адамдар санын азайтатынын атап өтті.
"Енді өз жинақтарының бір бөлігін пайдалана алатын БЖЗҚ салымшыларының саны күрт қысқаруы мүмкін. Егер 2021 жылы олардың саны 700 мыңнан астам Қазақстан Республикасының азаматы болса, 2022 жылғы шекті қайта есептеуге байланысты бұл сан түбегейлі өзгереді. Бүгінде бұл жеткілікті шектегі жасы келген қатысушылар үшін 63%-дан ең жас қатысушылар үшін 82%-ға дейін өсіп отыр. Қалыптасқан жағдай осы бағдарламаға деген сенімге нұқсан келтіреді". Сенат депутат Нұрлан Қылышбаев
Сенатор осыған байланысты жылдық инфляция деңгейінен аспайтын шекті ұлғайту мүмкіндігін қарастыра отырып, Министрлер Кабинетінің басшысынан ең төменгі жеткіліктілік шегін есептеу әдістемесіне өзгерістер енгізу мәселесін қарастыруды сұрады.