Ұлтын сатқан адамға аудан атауын бермеу керек - Мәжіліс депутаты

Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса "Қостанай облысындағы Жангелдин ауданы ұлтын сатқан сатқынның атында тұр, бұл елге қиянат" деп өз наразылығын білдірді. Сондай-ақ ол ауданның атын Алаш көсемі Ахмет Байтұрсынұлына беруді ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz
Алашқа, яғни қазаққа қарсы күрескен Жангелдиндердің елді жаныштаған жетпіс жылдық заманы келмеске кетті. Ал Алаш көсемі Ахаңдардың айқасқан, армандаған Тәуелсіз Қазақ елі орнағанына 30 жыл болды. Ендеше Алаш көсемдері Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының туған ауданының аты әлі күнге дейін қызыл большевик, кезінде ұлты мен дінін сатып, Николай Степнов болған Әліби Жангелдин атында болуы елге де, ерге де және ең алдымен әруаққа қиянат. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса

Қостанай облысына кіретін Жангелдин ауданы 1950 жылға дейін Торғай ауданы атанған. Орталығы – Торғай ауылы. 2019 жылғы санақ бойынша 12 251 тұрғын бар. Қазыбек Исаның айтуынша, Жангелдин ауданының тұрғындары атауды өзгерту бойынша Президентке ашық хат та жазған екен, делінеді "Еуразия" бірінші арнасының арнайы сюжетінде.

Қостанай Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: