Депутат Ұлытау облысын Кремний аңғарындай білім, ғылым ордасына айналдыруды ұсынды

Депутат Жұлдыз Сүлейменова бұл ұсынысын мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен «AMANAT» партиясының парламент мәжілісіндегі фракциясының жиналысында ортаға салды, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жаңа Қазақстанды құрудың кешенді, жан-жақты пысықталған бағдарламасын ұсынды. Мемлекет басшысы елдегі саяси мәдениетті қалыптастыруға мүлдем жаңаша реңк берді. Еліміз тәуелсіздіктің отыз жылы ішінде өткенді құрметтеп, дамудың жаңа сатысына көшіп, түбегейлі саяси трансформация алдында тұр. Алдағы барлық өзгерістердің негізгі лейтмотиві – мемлекет пен қоғам арасындағы өзара түсіністік пен сенім. Осы тұрғыда партия мен фракция мүшелеріне зор жауапкершілік жүктеліп отыр» – деді жиынды ашқан мәжіліс спикері Ерлан Қошанов.

Отырыста сөз сөйлеген «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов жолдаудың басым бағыттарына тоқталып, партия ел президентінің институционалдық тірегі бола отырып, барлық жүргізіліп жатқан реформалардың алдыңғы қатарында болуға тиіс екенін айтты.

Сондықтан мемлекет басшысының жолдауын ауқымды түрде ілгерілету және іске асыру үшін барлық партиялық ресурстарды жұмылдыру маңызды. Бұл жұмысқа мәжіліс пен мәслихаттардың барлық депутаттары, Бюро мен Саяси кеңестердің, қоғамдық кеңестердің мүшелері, партияның белсенділері мен жақтастары, қоғамдық пікір көшбасшылары, жастар тартылуға тиіс.«AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов

Одан әрі фракция жиынында депутаттар сөз сөйлеп, пікір алысты.

Депутат Ерлан Саиров Тәуелсіз Қазақстанның саяси тарихында осындай шешуші кезең көп болмағанын, жаңа Қазақстанның қалыптасып жатқанына назар аударды.

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізді демократия мен плюрализмнің жолына бағыттады. Халқымыздың, қоғамның көкейінде жүрген, азаматтық белсенділер талқылап жатқан мәселеге нақты жауап берілді. Қазақстанда жүйелі, терең, жан-жақты қоғамдық-саяси реформа іске асады! Бұл аспект бізге, «AMANAT» партиясының фракция мүшелеріне зор жүктейді.Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров

Өз кезегінде мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова мемлекет басшысы ұсынған реформалар «Жаңа Қазақстан» құруда еліміздің бүгінгі саяси жүйесін түбегейлі қайта жаңғыртып, ашықтығын, тимділігін және әлеуметтік дамуын арттыра түсетіндігіне тоқталды.

Жолдау жүктеген ауқымды міндеттер қатарында Абай облысының «Рухани және мәдени орталығымыз» ретінде дамытуға басымдық беруіміз қажет. Бізді ұлт ретінде сақтайтын кемеңгер Абай Құнанбайұлы, ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлы, заңғар жазушымыз Мұхтар Әуезовтың мұраларын зерделеп, ағартушыларымыз Алаш зиялыларының еңбектеріндегі адамзатқа жат қатыгездік, менмендік, масылдық, еріншектік секілді мінездерден бойымызды тасалап, ақпарат тасқыны мен ғаламдану күшіне төтеп беретін мейірімділік, ізгілік, кішіпейілділік пен еңбекқорлық секілді темірқазық ұстанымдарды жастарға насихаттауды қолға алу қажет.Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова

Сондай-ақ Жұлдыз Сүлейменова Ұлытау облысында инновациялық жастар дамыту орталықтарын ашу, сол негізде Кремний аңғарындай білім, ғылым, өнеркәсіп пен креативті индустрианы дамыту NEET санатындағы жастарымызға болсын, жалпы еңбек қоғамын құруда өзекті екеніне назар аударды.

Жиын барысында депутаттар Снежанна Имашева, Альберт Рау, Қанат Нұров заң шығарушылық жұмыстың сапасы, мәжіліс жұмысына сарапшылар мен жұртшылықты тарту, парламентаризм институтын жобаларды қарауға тарту, дағдарысқа қарсы шаралар пакетін қабылдау және жергілікті өзін-өзі басқару мен мемлекеттік басқару құзыреттерінің бөлінуі және тағы басқа да бірқатар өзекті мәселелерді көтерді.

Мәжіліс төрағасы отырыста депутаттардың үкіметпен өзара іс-қимыл жасаудың жаңа форматына көшіп жатқанын атап өтті.

Жуырда өткен мәжілістің жалпы отырысында қаңтар оқиғасының тергелу барысы жөнінде құқық қорғау органдары басшыларының есебі тыңдалды. Оған мемлекет басшысы оң баға берді. Сондықтан мұндай форматтағы жұмысты әрі қарай жалғастыруымыз керек, – деді Ерлан Қошанов.

Палата спикері ақпандағы өңірлерге жасалған сапарлардың қорытындысы бойынша депутаттар мыңнан астам түйткілді мәселелерді топтастырғанына мән берді. Осы мәселе бойынша жуық арада премьер-министрдің орынбасары және үкімет мүшелерінің қатысуымен мәжілістің жалпы отырысы өтетінін, онда қабылданып жатқан шаралар бойынша есеп тыңдалатынын атап өтті.

Қазақстан Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: