Сенатқа жаңадан келген депутаттар кімдер, ескі құрамнан қайсылары шығып қалды

Сурет: senate.parlam.kz
2023 жылы 24 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үш Жарлыққа қол қойды. Атап айтқанда, ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының өкілеттігін тоқтату және сенаторларды жаңадан тағайындау туралы, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің алғашқы Жарлығымен Мәулен Әшімбаев пен ҚР Парламенті Сенатының 12 депутатының өкілеттігі тоқтатылды. Келесі Жарлық ҚР Жоғарғы Сотының бұрынғы төрағасы Жақып Асановтың Сенаттың жаңа депутаты ретінде тағайындалуына қатысты. Үшінші Жарлық бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев Мәулен Әшімбаевты, Нұртөре Жүсіпті, Ләззат Қалтаеваны, Асқар Шәкіровті Парламенттің жоғарғы палатасының депутаттары етіп қайта тағайындады.

Осылайша, ҚР Парламенті Сенатының бұрынғы құрамынан тоғыз депутат шығып қалды:

- Владимир Волков;

- Бақытжан Жұмағұлов;

- Қайрат Қожамжаров;

- Мұхтар Құл-Мұхаммед;

- Талғат Мұсабаев;

- Дана Нұржігіт;

- Қанатбек Сафинов;

- Ләззат Сүлеймен;

- Серікбай Тұрымов.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерінен Сенат депутатын тағайындады. Олар:

- Евгений Больгерт;

- Зәкіржан Күзиев;

- Нұрия Ниязова;

- Әлішер Сатыбалдиев;

- Геннадий Шиповский.

Осылайша, ҚХА атынан бес депутат жаңадан тағайындалды және жаңа сенатор Жақып Асанов та бар.

2022 жылғы маусымда республикалық референдум аясында Қазақстан Конституциясына өзгерістер енгізілді. Жаңа өзгеріске сәйкес, Президент Сенаттың 10 депутатын тағайындай алады, оның бесеуі — Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан ұсынылады.

Қазақстан
Қазақстан халқы Ассамблеясы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты