Президент Қазақстан халқы Ассамблеясынан сенат депутаттарын тағайындады
Сурет: senate.parlam.kz
Мемлекет басшысының Жарлығымен "Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы" заңға сай парламент сенатының депутаттары тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жарлық Ақордада жарияланды.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабының 2-тармағына, «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып:
- Евгений Андреевич Больгерт;
- Закиржан Пирмухамедович Кузиев;
- Нурия Исмагиловна Ниязова;
- Алишер Гапиржанович Сатвалдиев;
- Геннадий Геннадиевич Шиповских
тағайындалды", - делінген хабарламада.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript