Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарларын тағайындады

ҚР президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясы, Ассамблея, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2022 09:04 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының жаңа орынбасарлары Наталья Дементьева мен Тауфик Каримов болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ақпарат Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

Мемлекет басшысының өкімдерімен Наталья Григорьевна Дементьева және Тауфик Акрамович Каримов Қазақстан халқы Ассамблеясы nөрағасының орынбасарлары болып тағайындалды, – делінген ресми хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін бұл қызметті Майя Бекбаева мен Закиржан Кузиев атқарып келген еді.

Мемлекет басшысының өкімдерімен Майя Толегеновна Бекбаева және Закиржан Пирмухамедович Кузиев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: