Мемлекет басшысының сөзін Ақорда баспасөз қызметі алға тартты.
"Қиын сәтте халықаралық қауымдастықтың түрік халқына қолдау көрсетуі Реджеп бейдің жоғары беделі мен еліне жасап жатқан риясыз қызметінің нәтижесі деп санаймын". Қасым-Жомарт Тоқаев
Сондай-ақ Мемлекет басшысы биыл Түркия Республикасына 100 жыл толатынын, бұл – үлкен тарихи меже екенін атап өтті.
"Түркия қысқа мерзімнің ішінде қуатты, ықпалды мемлекетке айналды. Оның халықаралық ықпалы және беделі, расында, өте күшті. Осы жерде Режеп Тайип Ердоғанның еңбегі және үлесі айқын. Оны бүкіл әлем мойындап жатыр. Осы ретте, қадірменді Реджеп Тайип Ердоған мырзаға алдағы Президент және Парламент сайлауында сәттілік тілеймін. Түрік жұрты Сізге барынша қолдау көрсетеді деп сенемін". Қасым-Жомарт Тоқаев
Сөз соңында Президент баршаны Наурыз мерекесімен құттықтады.
"Баршаңызды келе жатқан Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Тұтас түркі жұртына ортақ Әз-Наурыз бәрімізге бақ-береке әкелсін! Сонымен қатар, Наурызбен тұспа-тұс келетін он екі айдың сұлтаны – қасиетті Рамазанның басталуына орай ізгі тілектерімді қабыл алыңыздар". Қасым-Жомарт Тоқаев