Саясаттанушы Жандар Асан: Білім беру – елдің әлеуметтік-экономикалық өркендеуінің негізгі бағыты

Сурет: Жандар Асанның жеке мұрағатынан
Президент бүгін Қазақстан халқына арнаған Жолдауында білім беру жүйесінің елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін ерекше маңызға ие екенін айтты. Бұл тақырыпқа қатысты саясаттанушы Жандар Асан пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Саясаттанушының пайымдауынша, қазіргі таңда әлемде жасанды интеллектіні меңгерген мамандарға сұраныс жыл сайын артып келеді.

Осыған байланысты Мемлекет басшысы мектеп бағдарламасына жасанды интеллект негіздері бойынша арнайы курс енгізіп, оқу құралдарын әзірлеуді, сондай-ақ ұстаздардың жаңа технологияларды игеру қабілеттерін жетілдіруді тапсырды.

Ауыл мектептерін сапалы оқу ресурстарымен қамту үшін қашықтан оқыту мен жасанды интеллектке негізделген "Qazaq Digital Mektebi" үлгісін жасау жоспарланып отыр.

"Білім экономикасына көшу жолында ғылым, білім және инновацияны өзара ұштастырудың маңызы зор екенін Президент ерекше атап өтті. Осыған орай инновациялық саясатты Ғылым және жоғары білім министрлігінің құзырына беру және ғылыми институттар мен жоғары оқу орындарын үйлестірудегі министрліктің ықпалын күшейту тапсырылды", – деді Жандар Асан.

Сонымен қатар ол Мемлекет басшысының жасанды интеллектті кеңінен пайдаланатын жоғары оқу орындарына көбірек еркіндік беру қажеттігін айтқанын жеткізді.

"Президент шешімімен 2025 жыл "Жұмысшы мамандықтар" жылы болып жарияланды. Бұл қадам ең алдымен өндірістік еңбектің қоғам мен мемлекет үшін маңыздылығына байланысты. Сондықтан Жолдауда жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру, оларды лайықты еңбекақымен қамтамасыз ету негізгі міндеттердің бірі ретінде белгіленді", – деді саясаттанушы.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты