Әйел боп киінген ұры 4 млн теңгенің гауһар тасын ұрлады (видео)

polisia.kz
Алматылықтарды тонаған 50 жастағы Я. есімді азамат болып шықты

Алматыда белгісіз ер адамның ұрлық жасаған сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Пәтерге түскен ұрыны полицейлер көп ұзамай тауып алған. Ол 50 жастағы Я. есімді азамат болып шықты.

Қаскүнем кілтті таңдау арқылы адамдардың пәтерлеріне кіріп, негізінен зергерлік бұйымдарды қолды еткен. Жымысқы әрекетке бара жатып, айыпталушы бірнеше мәрте камераға түсіп қалған. Объективтен жасырыну үшін ол әйелдің киімі мен парик киіп алып, ұрлық жасауға кіріскен. Сондай қылмыстың бірі қараша айының басында тіркелген. Ол Жетісу-2 шағынауданындағы пәтердің бірінен құны 4 млн теңге тұратын әшекей бұйымды жымқырған. Қазіргі уақытта ұсталған азаматтың тағы осындай сегіз эпизодқа қатысы бар екені дәлелденді. Алматы қаласы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов

Ұрлық жасағаны үшін ер адам бұған дейін бірнеше рет сотталған. Күдіктіге қатысты  тергеу шаралары жүргізілуде.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді