Полицейлер 3 млн теңгені алаяқтық жолмен иемденген азаматты ұстады

Сурет: zakon.kz
Жәбірленушінің арызы бойынша күдікті ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz

Жәбірленушінің айтуынша, «ВКонтакте» әлеуметтік желісі арқылы танысқан жігіті оның сеніміне кіріп, 3 млн теңгесін алған. Алайда арада біршама уақыт өтсе де ақшасын қайтармаған, не телефонға жауап бермеген. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша тіркеуге алды.

Шымкент қаласы полиция департаментінің мәлімдеуінше, алаяқтық жолмен алған ақшаны тұрғын өз қажеттілігіне жаратып жіберген.

Тәжірибелі мамандардан құрылған жедел-тергеу тобы тұрғынды арбауына түсірген алаяқты ұстауға қажетті шараларды жасады. Куәлардан жауап алу барысында, жинақталған ақпарат көздері арқылы азаматтың жеке басы анықталып, Абай ауданы полиция басқармасына жеткізілді. Ұсталған азамат жергілікті тұрғын екені белгілі болды. Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері азаматтарға алаяқтардан барынша сақ болуға шақырады.

Егер сіз алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада «102» нөміріне хабарласыңыз. Сіздің берген ақпаратыңыз, қылмыстың тез арада ашылуына өз септігін тигізетінін ескеріңіз. Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін