Түркістан облысының полицейлері 9 жыл бұрын жоғалып кеткен жігітті отбасына тапсырды

Сурет: pixabay
9 жыл бұрын жоғалған жігіт жалдамалы жұмыс істеп, күнелтіп жүрген, деп хабарлайды Zakon.kz

2012 жылы Түлкібас АПБ-ға Арыс қаласындағы балалар үйінің басшылығы арызданып, Түлкібас ауданында лагерьде жүрген 15 жастағы тәрбиеленушісінің із-түссіз жоғалып кеткенін жеткізген. Жасөспірім жоғалған соң аудан сақшылары болған жайтты бірден тіркеп, жедел-іздестіру жұмыстарына кірісіп кетеді. Лагерьдің аумағы мен баруы мүмкін жерлердің барлығын шолып шығады. Алайда іздестіру жұмыстары нәтижесіз болады.

Осылайша тоғыз жыл өткенде, жедел уәкілдер жоғалған ер баланы тапты. Криминалдық полиция басқармасының полицейлері сол кездегі жасөспірімнің бүгінде Келес ауданында мал бағып, күнелтіп жүргенін анықтады. Жоғалған бала қазіргі уақытта 24 жаста. Оны полиция бөліміне жеткізген тәртіп сақшылары арнайы психолог мамандарымен сөйлестірді. Белгілі болғандай, жас жігіт өз еркімен шығып кетіп, ересек адамдар секілді өмір сүргісі келген. Содан соң жалдамалы қойшы болып жұмыс істеп, күнелткен.

Тәртіп сақшылары жігіттің туыстарын тауып, қауыштырды. Сонымен қатар жоғалу жайты бойынша арызданған балалар үйінің тәрбиеленушісін де шақырып, байланыстырды. Жігіттің ағасы мен балалар үйіндегі ұстазы тәртіп сақшыларына нәтижелі жұмыс пен іздеген жандарын аман тауып, отбасымен қауыштырғаны үшін алғыс білдірді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қытайда пара алған шенеунік өлім жазасына кесілді

Жұмыстан босатылған қазақстандықтарға төленетін әлеуметтік төлемдер: мемлекеттен қалай көмек алуға болады

2025 жылға арналған әкімдіктердің қарыз лимиті бекітілді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

БҚО-да полицейлер із-түссіз жоғалған қызды аман-есен тапты