Елордалық полицейлер көпірден секірмек болған ер адамды құтқарды

Сурет: Нұр-Сұлтан қалалық ПД
Полиция қызметкерлері диалогқа түсуге болғанымен жас жігіт жан-жақты қарсылық көрсетіп, мүлдем мәмілеге келмеген, деп хабарлайды Zakon.kz.

3 сәуірде сағат 07.22-де Жедел басқару орталығының «102» арнасына Қабанбай батыр даңғылында ер адамның көпірден төмен секіруге ұмтылғаны жөнінде қоңырау келіп түсті.

Елордалық полицейлер оқиға орнына дереу жеткен. Бұл кезде ер адам көпірдің қоршауының артында болған. Полиция қызметкерлері онымен диалогқа түспек болғанымен жас жігіт жан-жақты қарсылық көрсетіп мүлдем мәмілеге келмеген. Содан жағдайды бағалай келе, полиция аға лейтенанты Қайрат Құснеденов жағдайды өз қолына алды: ер адамды қатты ұстап алып, оны қауіпті аймақтан шығарды.

Маршрутта келе жатып сағат 07.22-де шақыру алынды. Біз экипаж құрамы оқиға орнына дереу жеттік сол кезде қоршаудың арғы жағында ер адамның жылап өзіне ешкімді жақындатпай тұрғанын көрдік. Санаулы секундтарда мен ер адамға жақындап, оны ұстап алдым. Сол кезде әріптестерім де келді. Ер адамның қолымыздан жұлқынып шығып кетпек болғанына қарамастан, біз оны қайтадан көпірге алып шықтық. Мән - жайды анықтау үшін оны «Есіл» ауданының Полиция басқармасына жеткіздік. Патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы Қайрат Құснеденов

29 жастағы жігітті осындай әрекетке итермелеген не екендігі анықталып жатыр.

Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды