Ең алдымен, мен вайнерлер, блогерлер деп аталатындар туралы айтқым келеді. Олар басқа азаматтармен қатар қолданыстағы Конституцияға сай тең құқықтары мен міндеттері бар қарапайым адамдар. Қылмыстық қудалау органдары үшін олардың ешқандай айырмашылығы жоқ, мәртебесі немесе жұмыс орнының болуы маңызды емес. Айтайын дегенім, өздерін вайнер атап жүргендер (үшеу) қылмыстық жауапкершілікке тартылады. ҚР ІІМ Тергеу депаратаментінің бастығы Санжар Әділов
Оның айтуынша, екеуіне қатысты прокурордың ұсынысы бойынша сот кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын таңдап, күдіктілердің бірі сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында тергеу органдарынан қашып кеткен.
Бүгінде соттың санкциясымен ол сырттай қамауға алынып, халықаралық іздеу жарияланды, оның жүрген жерін анықтау және қамауға алу шаралары жүргізіліп жатыр. Санжар Әділов
Тергеу департаментінің басшысы қазіргі уақытта құзырлы органдар жеткілікті айғақ жиналғанын атап өтті.
Mudarabah Capital ісін тексеру аясында кешенді тергеу шаралары жүргізілді... Осы орайда, мен зардап шеккендерге келтірілген материалдық шығынды өтеу мақсатында (сот санкциясымен. – ред.) тергеушілер Алматы, Нұр-Сұлтан және Алматы облысында орналасқан мүліктерді тәркіледі: төрт жер телімі, 10 пәтер, бес үй, екі көлік, бір дүкен.Санжар Әділов
Ақша да тәркіленді.
Бүгінгі таңда қамауға алынған мүлікті бағалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Санжар Әділов