Сотталғанына қарамастан артынан іздеп келіп жүрген жігітімен арадағы махаббат хикаясын ол былай баяндайды:
Павел (есімдер өзгертілген) кішкентай кезінен бері бірге өскен көршінің баласы. Балалық шақтағы достық уақыт өте келе махаббатқа ұласты. Павел 18-ге толып, азаматтық борышын орындау үшін әскерге аттанды. Ал мен қалаға оқуға түсу үшін жолға шықтым. Тез арада ақша табу көп жасты қызықтырары сөзсіз. Мен де сондай құрыққа түстім. Жарнама арқылы тапқан "жұмысым" - есірткі тасымалы кезінде бейнекамераға түсіп, ақыры полиция ұстап алды. Бұдан жігітім бейхабар еді. Әскерден оралған бойда мені іздеп, осында екенімді біліп, тергеу изоляторына келді. Қатты ұялдым... Менен айнып, теріс айналатын шығар деп ойладым. Бірақ, күтпеген жерден түкке қарамай тергеу изоляторында менімен отбасы құрғысы келетінін айтты. Біз өтініш берген кезде мені әйелдер колониясына алып кетті. Осындай бір кедергілер болды. Павелдың ата-анасы да бізді қолдамады, олар келінінің "сотталған" болғаны үшін қарсы болды, бірақ ол менен бас тартпады.
«Бүгін махаббатың нышаны Қозы-Көрпеш пен Баян сұлу күні қарсаңында некемізді рәсімдедік. Біз бақыттымыз! Біздің оқиға Қозы-Көрпеш пен Баян сұлудың махаббат хикаясындай әсерлі емес,бірақ менің ойымша, тағылымы мол. Бізде барлығын түзеп, өз өмірімізді жақсартуға әлі де мүмкіндік бар», - деп көз іне жас алды Аида.
Түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқандар заңда көрсетілген белгілі бір шектеулерге қарамастан толыққанды отбасын құруға мүмкіндік алады. Содан, мерзімін өтегеннен кейін қайғылы өмірлік тәжірибеңізді ескере отырып, өміріңізді реттеңіз, бала тауып, дұрыс тәрбиелеңіз. «Бостандыққа шыққаннан кейін өмірден лайықты орын табу». Өйткені неке мен отбасы әрбір адамның өміріндегі бақыт пен табысқа негіз болатын ең маңызды элемент болып табылады. ШҚО ҚАЖД бастығының орынбасары Ғалымжан Балтабаев