Алматыда полицейлер қойма тонағандарды ізін суытпай ұстады

Сурет: Алматы қалалық ПД
Күдіктілер Нұр-Сұлтан қаласына аттанғалы отырған. Тоналған заттардың бір бөлігі олардың жанынан табылды, ал тағы негізгі бір бөлігін елордаға жүк тасымалы арқылы жөнелтіп үлгерген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қалалық полициясы қарақшылық шабуыл жасап, видео карталар сақталған қоймны тонады деген үш күдіктінің ұсталғанын хабарлады.

Алматы қалалық ПД мәліметінше, күдіктілер күзетшіні ұрып-соққан. Содан кейін оны қарумен қорқытып, видеокарталарды ақшасымен бірге тартып алып кеткен.

Күдіктілер Нұр-Сұлтан қаласына баруды жоспарлаған, олар Шу қаласында ұсталды.

Тоналған заттардың бір бөлігі олардың жанын табылды, ал тағы негізгі бөлігін жүк тасымалы арқылы елордаға жөнелтіп үлгерген. Тауар тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Процессуалдық әрекеттерден кейін видеокарталар иесіне қайтарылады. Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі

Қойма иесі жедел әрекет еткені үшін полицейлерге алғыс айтты.

Бостандық ауданы ПБ жанындағы полиция бөлімінің мәліметінше, ұсталғандар Нұр-Сұлтаннан келгендер. Бұрын олардың бірі осы компанияның клиенті болған әрі видео карталардың қанша тұратынын жақсы білген. Күдіктілер қамауға алынды.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін