Алматы облысында қоқыстан денесі табылған бес жасар қыздың анасы тергеуге алынды

Сурет: Zakon.kz
Алматы облысы Сарқан қаласында қоқыс үйіндісінен бес жасар қыз баланың мәйіті табылды.  Жедел іздестіру іс-шаралары барысында оның кім екені анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көп ұзамай баланың анасы да табылды.  Ол -  19 жастағы жергілікті тұрғын. Оның айтуынша, баласын 2017 жылы дүниеге әкелген. Туғанынан целебралды ауруы бар. Ақыл-есі кем болған көрінеді. Қазір бұл жантүршігерлік оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды, делінеді Astana.tv хабарламасында.  

Анасының сөзіне жүгінсек, қыз бала осы жылы ақпанда ауырып, кенеттен көз жұмған. Сондықтан әйел мен оның ағасы денені қала шетіне жасырып жерлеуді шешеді. Аталған дерек бойынша, қажетті сараптамалар дайындалып, тергеу амалдары қолға алынды. Алматы облысы ПД ресми өкілі Ернар Сайділдин
Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда күн жылып, ауа температурасы +27°C-қа дейін көтеріледі

37 қылмыстық іс және 104-тен астам нысан: Қазақстан Қорғаныс министрлігін тексеру қашан аяқталады

Қазақстан Ұлттық банкі ипотека мен автокредитке қатысты маңызды шешім қабылдады

Атырауда мектепте қызға пышақпен шабуыл жасаған жасөспірім 15 жылға сотталды

Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман түсіп, жел күшейеді