Нұр-Сұлтанда жоғалып кеткен жеті жасар бала табылды

Сурет: polisia.kz
Әжесі немересін "Азия парк" СОО аумағына ертіп келген. Бала субұрқаққа шомылып, ойнап жүрген. Бір сәтте баланы таппай қалған әжей ақырында полициядан көмек сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Баланы іздеуге елордалық полицияның жеке құрамы жұмылдырылды. Іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары жоғалған баланың баруы ықтимал жерлерді тексерді. Полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған баланы ет комбинатының маңынан тапты. Нұр-Сұлтан қаласы ПД КПБ іздестіру бөлімінің бастығы Нұрғали Асылхан

Бала маршруттық автобусқа отырып, бірнеше аялдаманы жіберіп алып, үйінің маңынан шамамен 13 шақырым қашықтыққа алыстап кеткен.

Қазіргі уақытта бала ата-анасына табысталды, ол қазір үйінде.

Ювенальды полиция қызметкерлері отбасыны бақылауға алды.

Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі