Бүгін біздің отбасымызда ерекше оқиға болды. Айыртау аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің арқасында біз туған адамымызды таптық. Полицейлер өтінішімізді дереу қабылдап тез әрі нақты шаралар қабылдады. Қорықшылар, демалушылардан ұйымдасқан үлкен команданың іздеуі нәтижесінде жоғалған адам табылды. Сіздерге зор алғысымызды білдіреміз. Біз осындай полицияның барына қуанамыз әрі мақтан тұтамыз!, делінген хабарламада.
Петропавлға жас жігіт әжесіне ата-анасымен қонаққа келген.
Жуырда Имантау демалыс аймағында туыстарымен байланысын жоғалтқан ресейліктер хабарласқан. СҚО тұрғындары мен қонақтарын демалыс кезінде байланыста болуларын сұраймыз. Туыстарыңыз жоғалған жағдайда дереу полицияға хабарласыңыз, – дейді Айыртау ауданының ПБ бастығы Марат Серкешев.
Сурет: polisia.kz
Жыл басынан СҚО-ға із-түссіз жоғалғандар бойынша 275 арыз-шағым түскен. 270 адамның жүрген жері анықталды, оның 90-ы кәмелетке толмағандар.