Қарағандыда «разборкаға» барған полицей қызметінен айырылды

Сурет: polisia.kz
Даулы оқиға 4 шілдеде орын алған. Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс фигуранты қоңырау шалғаннан кейін оқиға орнына келгені айтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тәртіптік комиссияның шешімі бойынша Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Ермек Тобылбаев қызметінен босатылды. Бұл туралы Қарағанды облысы ПД-дан хабарлады.

Бұған дейін желіде құқық қорғау органы өкілдерінің қатысуындағы айқай-шудың видеосы тараған болатын.

Видео авторының айтуынша, төбелес ішінде Ермек Тобылбаев пен прокуратура өкілі Алексей Бондарев та жүр.

Кейінірек прокуратура Алексей Бондарев құзырлы органда 2021 жылдың 30 желтоқсанынан бастап жұмыс істемейтіндігін жеткізді.

Қарағанды облысы ПД даулы оқиға 4 шілдеде орын алғанын хабарлады. Бұл күні алаяқтық фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс фигурантынан Тобылбаевтың ұялы телефонына қаладағы кездесу туралы қоңырау келіп түседі. Кездесуде көлікке байланысты жанжал туындаған.

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі