Павлодарда бірнеше сот ғимараттарына бомба қойылғаны жайлы хабарлама келіп түскен

Сурет: Zakon.kz
Павлодардағы бірнеше сот ғимараттарына бомба қойылғаны туралы шұғыл байланыс желісіне хабарлама келіп түсті. Аталған нысандардағы қызметкерлер дереу арада эвакуацияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, сағат 14:53-те Павлодар облыстық және қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының электрондық мекенжайларына бірнеше ғимаратқа жарылғыш заттар қойылғаны туралы хабарлама түскен. 

Оқиға орнына шұғыл ден қоюдың барлық күштері тартылды. Адамдар эвакуацияланды, - деп толықтырды департаменттегілер.

Қажетті шаралар қабылданып жатқаны да айтылады.

Павлодар облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына, Ақтоғай, Май және Аққулы аудандарының соттарына да осыған ұқсас хабарламалар келіп түсті.

Облыстық соттың баспасөз қызметі аталған фактіге сәйкес, Ақтоғай, Май және өзге аудандық соттарда сот процестері кейінге шегерілгенін хабарлады.

Павлодар облысының полиция департаменті терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар тарату қылмыстық құқық бұзушылық болып табылатынын және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша жаза қарастырылғанын еске салады.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды