Қызғаныштан әйелін өлтіріп алған Көкшетау тұрғыны 9 жылға сотталды

Сурет: Zakon.kz
Көкшетау қаласының 52 жастағы тұрғыны мас күйінде әйелін өлтірген. Қылмыс 2022 жылдың ақпан айында Көкшетау қаласында болған. Тексере келгенде қанды қылмысқа қызғаныш себеп болғаны анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екі баланың анасы белгісіз адаммен телефон арқылы сөйлесуі кезінде қызғанышқа толы күйеуі әйелге пышақпен іш аймағына кесіп-шаншып енген жарақат салған. Алған жарақаттың салдарынан әйел оқиға орнында көз жұмды. Қаскүнем қылмысын мойындап, жасаған ісіне өкінді. Сонымен қатар, күдіктінің кінәсі сот сараптамасының көмегімен дәлелденді.

Қазіргі уақытта айыпталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының бірінші бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, қатаң режимдегі колонияға тоғыз жылға бас бостандығынан айырылып, қамалды. Бұдан басқа, ол зардап шеккен тарапқа бес миллион теңге көлемінде моральдық зиян өтемақысын төлеуге тиіс болады. ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Президенттің Жарлығы жарияланды – Қазақстан Халық Кеңесіне еліміздің 126 азаматы кірді