Құқық қорғаушы ақпан айында болған, #НеМолчиKZ қорына келіп түскен тағы бір масқара шағыммен бөлісті. Таңсәрі аталған іс бойынша бұрын кем дегенде үш баланың ата-анасы көмекке жүгінгенін, бірақ олар орын алған жайдың көпке жария болуынан және құқық қорғаушылардың араласуынан қорыққанын айтады.
14 жастағы оқушы қызға Шымкент қаласының орталық саябағында 2022 жылы 4 ақпанда әл-Фараби аудандық учаскесінің полиция инспекторы тиіскен.
Қыздың анасының айтуынша, учаскелік полиция қызметкері тінту жүргізген кезде оқушыны сипалап, қозған, содан кейін темекі шегетін достары туралы айтып беруді сұраған. Қызды полицейдің ұялы телефонына келіп түскен қоңырау сақтап қалғаны атап өтіледі.
Аталған учаскелік полиция қызметкерін жәбірленушінің құрбылары да танып, өздерін кездесуге шақырғанын айтқан. Таңсәрі келтірген қалалық полиция департаментінің жауабында полиция қызметкері 2022 жылдың 8 ақпанында ішкі істер органдарынан жұмыстан шығып кеткені айтылады.
Оған қатысты ҚР ҚК-нің 122-бабы - "16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер" және 362-бабы, яғни "Билікті немесе лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторында қамауда. Шымкент қалалық ПД