Қостанайда зейнеткерді өлтірді деген күдікпен 45 жастағы келіншек ұсталды

Сурет: polisia.kz
Қостанай облысы ПД бастығы Ерлан Омарбеков 45 жастағы жұмыссыз келіншек 75 жастағы зейнеткер апаны өлтірді деген күдікке ілінгенін жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Подъездегі әжейдің денесінің үстінен түскен көршілері полицияға хабар берген.

Аса ауыр қылмысты ашуға облыстың және қаланың тәжірибелі полиция қызметкерлері тартылды.

Екі сағаттан кейін кісі өлтіру бойынша іс ашылды. 45 жастағы күдікті, жұмыс істемейтін әйел ұсталды, одан заттай дәлелдемелер алынды. 75 жастағы әйел қонақтан үйіне қайта келе жатқанда үстінде алтын әшекейлері болған. Күдікті зейнеткердің подъезге кіргенін көріп, оның соңынан еріп, пышақпен жарақаттап, алқаны жұлып әкеткен. Ерлан Омарбеков

Күдікті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұсталды. Ұсталған адамнан заттай дәлелдемелер алынды.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде, ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі “Пайдакүнемдік ниетпен өлтіру” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды