Астанада бөтеннің көлігін айдап кеткен ер адам екі көлікті қаққан

Көлікті айдап әкету Сурет: pexels
Әйел адам полицияға қоңырау шалып, өзінің Mercedes-Benz G 500 көлігінің ұрланғанын хабарлады. Ол көлігінің есігін ашық қалдырып, бір сәтке үйіне кіріп кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция сыртқы бақылау камерасынан үй ауласында көлікті іске қосып, үйіне қайта жүгіріп кеткен әйелді сырттай бақылап отырған ер адамды анықтады.

Ол рөлге отырып, Land Cruiser 200 көлігін соғып, тез арада ізін суытқан.

Сондай-ақ, полицейлер Тәуелсіздік даңғылы мен Байтұрсынов көшесінің қиылысында Lexus-пен болған жол-көлік оқиғасын тіркеді.

Полиция ұрлықшыны ұстады. Куәландыру көрсеткендей, 34 жастағы ер адам орташа ауырлықтағы масаң күйде болған.

Мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталған адамға қатысты әкімшілік іс қозғалды. ҚР Қылмыстық кодекстің 200-бабы - "Көлікті айдап әкету" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мұндай қылмыстарға себеп болатын нәрсенің бірі - көбінесе көлік иелері есікті бекітпейді, ашық қалдырады немесе жабуды ұмытып кетеді, бұл ұрлық пен көлікті айдап әкету қаупін жоғарлатады. "Алматы" ПБ аудандық полиция бөлімінің бастығы Данияр Жанқұлов

Полиция қызметкерлері көлік иелеріне сақ болуға, терезелерді, есік пен жүк салғыштарды ашық қалдырмауға кеңес береді.

Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Гарвард 2,2 миллиард долларлық гранттардан айырылды

Қазақстанда алғашқы үш жолақты реверсивті жол пайда болады

Бүгін Міржақып Дулатұлының туған күні

Бурабайда балық аулауға рұқсат етілді - Ұлттық парк маңызды мәлімдеме жасады

Найзағай, жаңбыр, қар, үсік: қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды